«Ахмат» жолдастық матчта Самородовпен бірге жеңіске жетті

«Ахмат» жолдастық матчта Самородовпен бірге жеңіске жетті

Ресейдің Грозный қаласының «Ахмат» футбол клубы Белекте (Түркия) қысқы оқу-жаттығу жиынында сербиялық «Войводина» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен грозныйлықтардың минималды жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 84-минутта пенальтиден Надер Гундри соқты.

Айта кетейік, Ахматтың негізгі құрамында Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов шықты. Ол бірінші тайм ойнап, үзілісте алмастырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или