Алматылық «Қайрат» демеушісінен айрылды

Алматылық «Қайрат» демеушісінен айрылды

Келер жылы алматылық «Қайрат» футбол клубының бас демеушісі ауысуы мүмкін. Бұған «ҚазРосГаз» ЖШС-інің 2016 жылы клубты қаржыландырудан бас тартуы себеп болып отыр.

«ҚазРосГаз» мекемесінің алматылық команданы қаржыландырудан бас тартатыны жайлы хабарлама әлеуметтік желілерде тарап кетті. Алайда, «Қайрат» басшылығы әзірге бұған қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Айта кету керек, 2012 жылдан бастап алматылық клубтың негізгі иесі «ҚазРосГаз» саналады. Ол уақытта серіктестікті Қайрат Боранбаев басқарып тұрған. Боранбаев серіктестіктегі орнын 2014 жылы босатқан болатын, қазір ол «Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

Өткен маусымда «Қайрат» клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан біріншілігінің күміс медалін жеңіп алды. Алматылықтар финалда «Астана» командасынан жеңілді. Оның алдында екі жыл қатарынан ел біріншілігінің қоласын иеленіп келген.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или