Челси - Вулверхэмптон. АПЛ, 22 тур. 21.01.2025, 01:00
Қаңтардың 20-нан 21-іне қараған түні «Челси» өз алаңында «Вулверхэмтонды» қабылдайды. Екі команданың алдында екі түрлі мақсат тұр. Қос командаға да үш ұпай ауадай қажет.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Энцо Мареска баптайтын «Челси» соңғы турларда жеңісті ұмытты. Лондондықтар үш ұпайды соңғы рет бір айдан астам уақыт бұрын еншіледі. Соңғы бес матчта үш ұпай ғана қоржынға салған. Екі ай бұрын «Ливерпульге» бәсекелес болып, чемпиондыққа таласатындай көрінген «Челси» бүгінгде алтыншы орынға түсіп қалды. Дегенмен, бүгін өз алаңында жеңіске жетсе, команда үшінші орынға бір-ақ көтеріледі.
«Вулверхэмтонның» маусымдағы жоспары жалғыз: Чемпионшипке түсіп қалмау. «Қасқырлар» он жетінші орынға жайғасқан. Қызыл аймақта тұрған «Ипсвичпен» ұпайы бір. Команда соңғы екі ойында жеңілсе де, оның алдында өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» ұтты, сырт алаңда «Тоттенхэммен» ұпай бөлісті.
Негізі, Витор Перейра шәкірттері Лондонда нәтижелі ойнап жүр. Осы маусымда «Арсеналдан» ғана ұтылды. «Фулхэмді» ел астанасында тас-талған етті. «Тоттенхэмді» аяқтан шалғанын жоғарыда айттық.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі «Челсидің» жеңіске жету мүмкіндігін 1,37 коэффицентке бағалап отыр. Бұл ретте Вулверхэмптонның жеңіске жету мүмкіндігі 7,20. Тең ойынының коэффициенті 5,60.
«Челси» бүгінгі қарсыластың қорғанысын қалай бұзатынын жақсы біледі. Бірінші айналымда «көктер» қонақта «Вулверхэмтонды» 6:2 есебімен ұтты. Сондықтан, бұл ойында «Челси» кемі үш гол соғуы мүмкін. Tennisi.kz бұл нәтижеге 1,53 коэффицент беріп отыр.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.