ҚПЛ әлем рейтингінде Никарагуа, Танзания чемпионаттарынан төмен
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2024 жылдың қорытындысы бойынша ең мықты чемпионаттардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Көшбасшы 1992 ұпаймен Италия А сериясы болды. Екінші орында 1885 ұпаймен Испания Ла Лигасы. Ағылшын Премьер-Лигасы 1871 ұпаймен ең мықты үш әлем чемпионатын қорытындылады. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Бразилия, Германия, Аргентина, Португалия, Франция, Бельгия және Нидерланды елдері енді.
Қазақстан чемпионаты небәрі 86-орынға тұрақтады. Бір қызығы, ҚПЛ Никарагуа, Танзания, Фарер аралдары, Гондурас, Гватемала және Сан-Марино сияқты елдердің чемпионаттарынан артта қалды. Еске салайық, өткен маусымда Қазақстан чемпионы алматылық «Қайрат» болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или