Қазмедиаорталықта «Галатасарай»-«Астана» матчын 800-ден аса жанкүйер тамашалаған

Қазмедиаорталықта «Галатасарай»-«Астана» матчын 800-ден аса жанкүйер тамашалаған

8-нен 9 желтоқсанға қараған түні футболсүйер қауым «Астананың» түріктің «Галатасарай» клубына қарсы сырт алаңда өткен ойынын онлайн режимде тамашалауға мүмкіндік алды.

Топтық кезеңнің қорытынды матчының тікелей трансляциясы «Қазмедиа Орталығының» киноконцерт залында өтті. Аталған іс-шараға «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы мұрындық болған. Клубтың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

Түн ортасы болғанына қарамастан медиаорталықтың ғимаратына жиналған жанкүйерлер саны 800-ден асты. Бұған қоса жерлестерімізге қолдау көрсетуге келген қазақстандықтар елордалық футболшылардың осы маусымдағы ойын кезіндегі үздік сәттері топтастырылған бейнероликтерді тамашалады.

Ыстамбұлдағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или