Али Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізді

Али Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (22-1, 16 КО) Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ахмедов америкалық Малкольм Джонспен кездесті (17-4-1, 10 КО). Бұл жекпе-жек супер орта салмақта өтіп, он раундқа жоспарланған болатын. Қазақстандық босшы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, осылайша, Али Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізсе, Малкольм Джонс кәсіпқой рингтегі бесінші жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или