Испания Суперкубогы: «Барселона» «Реалды» ірі есеппен жеңді
Жиддада (Сауд Арабиясы) өткен Испания Суперкубогының финалында «Барселона» «Реал Мадридті» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 5:2 есебімен «Барселонаның» пайдасына аяқталды. Жеңімпаздардың голдарын Ламин Ямаль (22-минут), Роберт Левандовски (36-шы, пенальти), Рафинья (39-шы және 48-ші) және Алехандро Бальде (45+10) соқты. Мадридтік «Реал» сапынан Килиан Мбаппе (5-ші) мен Родриго (60-шы) мергендік танытты. 57-минутта «Барселонаның» қақпашысы Войцех Щесный қызыл қағаз алып, команда қырық минуттай он футболшымен ойнады.
Осылайша, «Барселона» тарихта 15-ші рет Испания Суперкубогының иегері атанды.
Айта кетейік, қос команданың соңғы матчы 2024 жылдың қазан айында өтіп, ол кезде де католондықтар ірі есеппен(4:0) ұтқан еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или