Қош бол, Еуропа! «Астана» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

УЕФА Чемпиондар лигасының «С» тобындағы соңғы кездесуінде ыстамбұлдық «Галатасарай» өз алаңында елордалық «Астанамен» тең түсті.

«Тюрк Телеком» стадионында өрбіген тартысты матчта жеңімпаз анықталмады. Бірінші минуттан бастап алаң қожайындары есеп ашуға ұмтылған, бірақ бұл мүмкіндіктері жүзеге аспады. Артынша, екінші таймда «Астананың» жартылай қорғаушысы Патрик Твумаси Дмитрий Шомконың керемет пасынан таблода есеп ашты. Араға екі минут салып, «Галатасарайдың» капитаны Сельчук Инан елордалық команданың қателігін ұтымды пайдаланып, есепті теңестіре алды. Матч соңына дейін бұл есеп өзгермеді – 1:1.

Осылайша, «Астана» алты турдың қорытындысы бойынша төрт ұпай жинап, «С» тобының соңғы сатысында жайғасты. «Галатасарай» болса бес ұпаймен Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды.

«С» тобындағы екінші кездесуінде «Атлетико» сырт алаңда «Бенфиканы» 2:1 есебімен ұтып, топтық кезеңді бірінші орында аяқтады.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Топтық кезең. С тобы. 6-шы тур

«Галатасарай» - «Астана» – 1:1(0:0)

Голдар: Сельчук Инан, 64 – Патрик Твумаси, 62

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или