Жарко Маркович – «Қайраттың» өткен маусымдағы ең пайдалы ойыншысы

Жарко Маркович – «Қайраттың» өткен маусымдағы ең пайдалы ойыншысы

Алматылық «Қайраттың» өткен маусымдағы ең пайдалы ойыншыларының тізімі жарияланды.

Бұл туралы алматылық ұжымның ресми сайты мәлім етті. Хоккейде «Плюс-минус» деп аталатын статистикалық көрсеткіштер бар. Ол өте қарапайым әдіспен есептеледі – команда гол соққан кезде алаңда болған футболшылардың бәріне бір ұпай қосылады, ал гол жіберсе – бір ұпай алынады. Еркін статистикада маусымдағы барлық ресми матчтар, яғни Қазақстан Кубогының, Чемпионатының және Еуропа лигасының матчтары саналады.

Пайдалылардың тізімінде ең үздік нәтижеге Жарко Маркович қол жеткізді. Ол алаңда болған кезде алматылықтар 77 гол соғып, 21 доп жіберген. Осы мәліметтерге сүйенсек, оның пайдалылық көрсеткіші 40 матчта «+56» есебін құрайды.

Рейтингінің екінші сатысына Владимир Плотников жайғасты, ол 41 ойында «+44» нәтижесіне көрсеткен. Алматылық голкипер алаңда болғанда «Қайрат» 71 гол соғып, 27 допты өз иелігіне жіберіп алыпты.

Үшінші орынды клубтың тіреуші жартылай қорғаушысы Михаил Бакаев алды, ол алматылық клуб сапында өткізген 35 ойынында «+40» көрсеткішіне қол жеткізді. Гурман мен Гоуда бір ұпайға төмен – «+39». Ал Рудосельский, Исламхан және Исаэл үштігі «+38» нәтижесімен бесінші орында.

Сонымен қатар, ең пайдалы футболшылар ондығына Ермек Қуантаев (+34) пен Сито Риера (+32) кірді, қалған футболшылар 30 ұпайдан төмен жинады. Айта кетейік, алматылық клубтың екі футболшысы нөлден төмен нәтиже көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или