«Астана» U-19 алты матчта 35 гол жіберді

«Астана» U-19 жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде соңғы матчын өткізді.

19 жасқа дейінгі астаналық ойыншылар топтық кезеңде өткізген алты матчтың бәрінде де ұтылып қалды. Елордалықтар осы алты ойында 1 гол соғып, өз қақпасына 35 гол жіберген екен.

Айта кетейік, 1-турда «Астана» U-19 португалиялық «Бенфикадан» қонақта 0:8 есебімен ұтылып, жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасы тарихында ең ірі есеппен жеңілген команда атанған. Алайда 4-турда испаниялық «Атлетиконы» қабылдаған елордалықтар 0:9 есебімен тас-талқан болып жеңіліп, өз рекордтарын жаңартты.

Назарларыңызға, «Астана» U-19 командасының топтық кезеңдегі матчтарын ұсынамыз:

09.12. 2015 «Галатасарай» U19 – «Астана» U19 3 : 0

25.11. 2015 «Астана» U19 – «Бенфика» U19 0 : 5

03.11. 2015 «Астана» U19 – «Атлетико» U19 0 : 9

21.10. 2015 «Атлетико» U19 – «Астана» U19 7 : 1

30.09. 2015 «Астана» U19 – «Галатасарай» U19 0:3

15.09. 2015 «Бенфика» U19 – «Астана» U19 8:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или