«Аугсбург» қақпашысына алаңды таптағаны үшін айыппұл салынды

Германияның «Кельн» футбол клубы «Аугсбург» қақпашысы Марвин Хитцты алаңды әдейі таптағаны үшін айыптап отыр. Кельндік клуб жеке мүлікке нұқсан келтірді деген айыппен қақпашыға 122,92 евро төлеуді талап етіп отыр.

Неміс Бундеслигасының 15-турында «Кельн» мен «Аугсбург» клубтары күш сынасқан. 58-минутта кездесудің бас төрешісі Даниэль Зиберт қонақтар қақпасына пенальти белгілеген. Төреші шешімімен келіспеген Марвин Хитц 11 метрлік айып добы белгіленген тұсты аяғымен таптап, қарсыластың соққы жасауына кедергі келтіруге тырысқан. Қақпашының бұл қулығы жүзеге асып, пенальтиді орындаған Антони Модест тайып құлады. Нәтижесінде «Аугсбург» алаң иелерін бір доп басымдығымен жеңді. Ойын соңынан Марвин Хитцтың алаңдағы «қылығы» жергілікті клуб жанкүйерлерінің ашу-ызасын тудырған болатын.

Айта кетейік, Марвин Хитц алғаш рет БАҚ назарына ілігіп отырған жоқ. Ақпан айында «Байер» қақпасына соңғы минутта гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или