Өскеменде жаттықтырушыларға арналған семинар өтті

Өскеменде жаттықтырушыларға арналған семинар өтті

Шығыс Қазақстан облыстық футбол қауымдастығы мен Қазақстан футбол федерациясының техникалық орталығы аймақта алғаш рет С категориясы бойынша (бұқаралық футбол) балалар жаттықтырушыларына арналған үшкүндік семинар ұйымдастырды.

Семинардың ашылуына облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк пен ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикенов қатысты. Семинардың теориялық бөлігін ҚФФ Техникалық орталығының маманы Ерлан Адамбеков, испаниялық жаттықтырушылар Давид Родригез пен Хосе Луис де Кастро, Шығыс Қазақстан бойынша ҚФФ техникалық директоры Сергей Куянов, қазақстандық футбол ардагері Александр Лазарев жүргізді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы сынақ тапсырып, «С» (бұқаралық футбол) сертификация алды.

Ерлан Адамбеков, Қазақстан футбол федерациясы техникалық орталығының маманы:

- Семинардың басты мақсаты - бұқаралық футболда балалар жаттықтырушыларының білімін көтеру. Оның ішінде педагогика, психология және физиология бар. Бұқаралық футбол балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Олардың ішінде үздіктері футбол академиясының жаттықтырушыларының назарына ілігеді. Дәл осындай семинарлар Қазақстанның барлық өңірінде өтеді.

Оралбек Әділханов, Шығыс Қазақстан облыстық футбол қауымдастығының атқарушы директоры:

- Бұқаралық футбол бойынша семинар облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл семинардың Шығыс Қазақстан өңірінің футболы үшін берері мол. Қала мен аудандардың барлық бапкерлерін шақырдық. Олардың семинарда алған білімдері бұқаралық футболды жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или