Қыздар арасында шағын футболдан ҚР чемпионаты өтті

28 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Алматыда 19 жасқа дейінгі қыздар арасында шағын футболдан ҚР чемпионаты өтті. Турнирге еліміздің 6 қаласынан 8 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынға Алматы қаласының «Сұңқар» командасы ие болды. Екінші орын алған Ақтөбе қаласының ОБЖСМ №2 командасы жеңімпазға қосымша көрсеткіштер бойынша ғана есе жіберді. Үшінші орын тағы бір алматылық ұжым - СБЖМОР №2 командасына бұйырды.

Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік ойыншылар анықталды: Үздік қақпашы - Әсем Қожанғұл «Ембі», үздік қорғаушы – Екатерина Чебаева СБЖМОР №2, үздік жартылай қорғаушы - Аружан Есентүгел «Жастар», үздік шабуылшы - Құндыз Қожахмет «Жігер».

- Турнир алғаш рет ұйымдастырылғанынан қарамастан, қатысушылар тарапынан қызығушылық жоғары болды, - дейді ОБЖСМ №2 командасы мен 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Данияр Қайырбаев. - Турнир тағдыры ойынның соңғы күні шешілді. Республикалық жарыстар енді келесі жылдың сәуірінен бастап өтетінін ескерсек, футбол маусымы аяқталғаннан кейін шағын футболдан чемпионат ұйымдастыру дұрыс шешім. Жарыс 19 жасқа дейінгі қыздардың арасында ұйымдастырылғанымен, көптеген команда 15-16 жастағы футболшылармен жасақталған. 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының бапкері ретінде келесі жылға үміткерлерді қарай алдым. Қыздар футболына көп көңіл бөліп, шағын футболддан ҚР чемпионатын ұйымдастырған Қазақстан футбол федеарциясына алғысымды білдіргім келеді. Бұл жарыстың дәстүрге айналғанын қалаймын.

Қорытынды турнир кестесі:

1 орын. Сұңқар, Алматы қаласы - 13 ұпай

2 орын. ОБЖСМ №2, Ақтөбе қаласы - 13 ұпай

3 орын. СБЖМОР №2, Алматы қаласы - 12 ұпай

4 орын. Жігер, Қызылорда қаласы - 11 ұпай

5 орын. Оқжетпес, Көкшетау қаласы - 11 ұпай

6 орын. Ембі, Ақтөбе облысы - 10 ұпай

7 орын. СБЖМОР №8, Астана қаласы - 8 ұпай

8 орын. Жастар, Ақтөбе қаласы - 1 ұпай

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или