«Қайсар» Қазақстан құрамасының шабуылшысы командада қалатынын айтты
Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов командада қалатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Республикалық спорт порталтарда шабуылшымыз Айбар Жақсылықовтың өзге клубтарға ауысады деген ақпары шындыққа жанаспайтынын жеткіземіз.
Командамыздың сұрмергені қасқырлармен бірге оқу-жаттығу жиынына жаңа маусымға дайындығын пысықтайды», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, «Қайсар» ойыншысы биылғы маусымда жеті гол соғып, Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергендер тізімінде бестікке енді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или