Тарих бетін жаңарта аламыз ба? «Галатасарай»-«Астана» матчына превью

УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің аяқталуына бір-ақ тур қалды. Желтоқсанның 8-де Еуропа лигасына жолдама үшін ыстамбұлдық «Галатасарай» мен елордалық «Астана» тартысады. «PROСПОРТ» тілшісі бұл тұрғыда қазақстандық ұжымның мүмкіндіктерін зерттеп көрді.

Футболдан Қазақстан маусымының аяқталғанына үш апта болды. Соңғы кездесуде алматылық «Қайрат» «Астананы» ұтып, қатарынан екінші рет Қазақстан кубогын иеленді. Араға төрт күн салып, «Астана» өз алаңында «Бенфиканы» ұтуға жақын болды. Содан бері екі апта уақыт өтті. Қазақстан чемпионы қазіргі таңда Ыстамбұлда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бұған қоса жиынға жаңа ойыншылармен аттанды: Сергей Малый мен Геворг Наджарян. Қос ойыншы Түркияда байқаудан өтуде. Жалпы жарақат алған ойыншылар жоқ. «Астана» толық құраммен алдағы шешуші ойынға дайындығын пысықтауда. Себебі желтоқсанның 8-і елордалық ұжымды өте ауыр кездесу күтіп тұр. Түркия чемпионы «Галатасарай» бас бапкердің ауысуымен өз алдына Еуропа лигасының 1/16 финалына шығу мақсатын қойды. Тіпті ел чемпионатындағы соңғы кездесуінде «Бурсаспорды» 3:0 есебімен жеңді. Яғни, қолда тұрған жолдаманы ыстамбұлдық клуб жайдан-жай бере қоймайтыны анық.

«Галатасарай» сапында алдағы ойынға команданың негізгі қорғаушыларының бірі Джейсон Денайер қатыса алмайды. Есесіне, бұл ойынға команданың үздік сұрмергені Бурак Йылмаз қатысады. Естеріңізде болса, Астанадағы ойынға бұл ойыншы жарақатына байланысты қатыспаған болатын.

«Астана» сапында жарақат алған ойыншылар жоқ. Таңат Нөсербаевтің кішігірім ғана жарақаты бар. Бірақ Чемпиондар лигасында сирек алаңға шығатын «Астананың» капитаны «Галатасараймен» ойынға қатысады деген сенімдеміз. Яғни, Станимир Стойлов «Тюрк Телеком» стадионында өтетін ойынға өзінің ең мықты ойыншыларын шығара алады. «Галатасарайдың» стадионында ойнау өте ауыр екенін футбол жанкүйерлері жақсы түсінеді. Түркиялық жанкүйерлердің қызу қанды қолдауы қонақ командалары үшін нағыз қысым болатыны белгілі. Бірақ соған қарамастан Станимир Стойловтың командасы биылғы маусымдағы ең мықты ойынын көрсетіп, Еуропа лигасының 1/16 финалына тарихи жолдаманы алады деген үміттеміз.

Жалпы «Галатасарай» үшін биылғы маусым сәтсіз өтуде. Бәрі Кевин Гросскройцтің дұрыс тіркелмеген трансферінен басталды. Содан соң команданың жетекші ойыншылары жарақат ала бастады. Чемпиондар лигасында тек «Бенфиканы» өз алаңында жеңе алған түркиялық ұжым енді «Астананы» ұту үшін бар күшін салады. Елордалық ұжым үшін биылғы маусым керісінше өте сәтті өтуде деп айтуға болады. Ел суперкубогын жеңген Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, кейін ел чемпионатын қайта жеңіп алды. Енді міне Еуропа лигасының 1/16 финалына шығуға да жақсы мүмкіндік бар. Ол үшін ыстамбұлдық «Галатасарайды» қандай есеппен болсын жеңу қажет. Бірақ екі апта матч өткізбеген «Астананың» ойыншылары біраз босаңсып қалуы мүмкін. Дегенмен, бас бапкер Стойловтың айтуынша, оның шәкірттері «Галатасараймен» өтетін ойынға сақадай сай дайын және алаң қожайындарын еурокубоксыз қалдыруға ниетті екенін айтты.

Не болса да, желтоқсанның 8-і біз елордалық команданың тарихи жеңісін тойлауына тілектеспіз.

Естеріңізге сала кетсек, «Галатасарай» мен «Астана» арасындағы кездесу 8-ші желтоқсан күні ыстамбұлдың «Тюрк Телеком» аренасында өтеді. Аталмыш кездесуді «ОҢ ТВ» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчтың басталу уақыты – 01:45.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или