Исламхан «2015 жылдың үздiк жартылай қорғаушысы» атағына ие болды

«Pro Football» Қазақстан кәсiби футболшылары мен жаттықтырушылары қауымдастығының мүшесi, 2006 жылдың үздiк футболшысы Давид Лория алматылық «Қайрат» клубының капитаны Бауыржан Исламханға «2015 жылғы маусымның үздiк жартылай қорғаушысы» жүлдесін табыстады.

«Қазiргi таңда Қазақстан футболшылар кәсiподағы мүшесiнiң саны 550 адамды құрайды. Соның 420 мүшесi осы маусымда үздiк футболшы, үздiк шабуылшы, қорғаушы, жартылай қорғаушы, қақпашы үшiн дауыс бердi. Футболшылардың өздерi осы маусымның үздiк спортшыларын таңдады. Бұл маусымда «Үздiк жартылай қорғаушы» атағына Бауыржан Исламхан ие болды», - дедi жүлденi табыстаған Давид Лория.

Бала кезiнен 9- шы нөмiрмен өнер көрсететiн Қазақстанның ең жас капитаны Б.Исламхан алғысын айтты.

«Маған дауыс берген әрiптестерiм мен әрдайым қолдап жүретiн жанкүйерлерге үлкен алғысымды бiлдiремiн. Жанкүйерлер – бiздiң 12-шi ойыншымыз. Бiз футболды солар үшiн ойнаймыз. Футбол ол тартысты ойын. Жанкүйерлерге бiр нәрсе ұнамай қалса немесе керiсiнше ұнаса, сонысын айғайлап бiлдiрiп жатады. Бiз алаңда жүгiрiп жүрiп оларды естимiз», - дедi Бауыржан Исламхан.

Еске сала кетсек, »Қайрат» футбол командасы биылғы маусымда Қазақстан чемпионатында екiншi орын алып, Кубокқа ие болды.

«Биылғы маусым өте ұзақ болды әрi ешкiмге оңай болған жоқ. Осы жылы «Қайрат» командасы тамаша өнер көрсеттi. Еуропа лигасында ойнадық. Қазақстан бiрiншiлiгiнде екiншi орынға ие болып, кубок алдық. Былтыр үшiншi орын алғанбыз. Осы жолы »Астана» командасы екiншi рет чемпион болды. Ендi «Астана» командасының жiгiттерi «Галатасарай» клубымен ойнайды. Олар Еуропа Лигасына шығады деген ойдамын. Футбол болғасын ойында бiз кейде ерегесiп қаламыз, дегенмен бiз сыртта доспыз, бiр Қазақстан елiнiң жалауын көтерiп жүрген қазақ жiгiттерімiз. Сондықтан оларға сәттiлiк тiлеймiн. Қазiр «Қайрат» пен »Астана» жоғары деңгейде өнер көрсетiп жүрген командалар. «Шахтер» командасы да жақсы ойын көрсетуде. Жылдан жылға бiз осылай өсе берсек, Қазақстанның футболы дамиды деген сенiмдемiн», - дедi Б.Исламхан.

Бауыржан Исламхан бағдарламада футболдағы және жеке өмiрiндегi жаңалықтарымен бөлiстi. Тараздық футболшы жақында үйленгенiн айтты. Сондай- ақ спортшы әр ойын алдында ата-анасының батасын алып шығатынын және қазiр демалыста жүргенiн жеткiздi. Достарының арасында «Батори» деп аталып кеткен Бауыржан өзiнiң Зинедин Зидан мен Барселона ойыншысы Андрес Иньестаның табынушысы екендiгiн де жасырмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или