Бокстан Қазақстан чемпионаты: Жартылай финал жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Бокстан Қазақстан чемпионаты: Жартылай финал жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 22 желтоқсанда Қарағандыда бокстан 2024 жылғы Қазақстан чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теміртас Жүсіпов, Серік Теміржанов, Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев, Михаил Коханчик, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Римма Волосенко сынды боксшылар финалға шығу үшін жұдырықтасады.

Жартылай финалдың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 14:00-де басталып, Sport+ телеарнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен 450 спортшы қатысуда. Турнир 24 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или