Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман бірінші раундта нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман бірінші раундта нокаутпен жеңді

Астанада өтіп жатқан Fight Nights Boxing кәсіби бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (5-0, 4 КО) мен Үндістан өкілі Сушила Вират (6-1, 4 КО) арасындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және әрқайсы екі минуттан сегіз раундқа жоспарланған болатын.

Нәтижесінде, Мұздыман бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Балауса Мұздыман кәсіби мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, ал Сушила Вират кәсіпқой рингте екінші рет жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или