ҚПЛ-2024 үздік жартылай қорғаушысы белгілі болды
Qazaqstan Football League QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік жартылай қорғаушыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz
Масудов Вахид Юнусович атындағы номинацияға «Қайрат» ойыншысы Гиорги Зариа лайық деп танылды.
Үздік жартылай қорғаушыны турнирге қатысқан клубтардың капитаны мен бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.
27 жастағы футболшы «сары-қаралардың» сапындағы дебюттік маусымында шамамен барлық матчқа қатысып, 6 гол соқты. Нәтижесінде ол маусымның үздіктер құрамына енді. Гиорги 4 нәтижелі пас, қақпаға 45 соққы және 51 сәтті дриблинг көрсеткішін тіркеді. Грузиялық футболшысы соңғы турда мергендігімен танылды. Нәтижесінде «Қайрат» QFL Премьер-лигасының чемпионы атанды.
Айта кетейік, осыған дейін Стас Покатилов үздік қақпашы атанса, Әділбек Жұмахановқа «үздік жас ойыншы» атағы бұйырып, үздік қорғаушы Ян Вороговский болған еді.