Ербол Қайыров: бәрі алдын ала шешіліп қойған

Ербол Қайыров: бәрі алдын ала шешіліп қойған

ҚФФ президенттігіне үміткер болған Ербол Қайыров сайлаудан кейін өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Сайлау қорытындысы бойынша 0 дауыс жинаған Қайыровтың пікірінше сайлау әділ өтпеген:

«Бізде халық емес, сайлау алдында бағдарламаңды мақтап, бетіңе күліп қарайтын федерация мүшелері таңдайды. Бірақ 34 дауыстың бір адамға берілуі жағдайды айдан анық етті. Қандай да бір қысым болып, мәселе алдын ала шешіліп қойған секілді. Сонымен қатар сайлаудың нәтижесі бір телеграм-арнада ресми мәлімдемеден екі минут бұрын шығып қойды. Бұл барлығы баяғыда шешіліп қойғанын білдіреді. Менің ойымша, бұл жай ғана сценарий болды. Алайда адамдарды сендіре алмады, тіпті қатысып отырған аймақтық федерация өкілдері де 36 дауыстың 34-і бір адамға берілетініне сенбеді», – деді Қайыров.

Айта кетейік, бүгін өткен сайлау нәтижесі бойынша Марат Омаров ҚФФ президенті атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или