Елімізде футболдан қыздар арасында турнир өткізу жоспарлануда

Білім және ғылым министрлігі балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесі бағытында келесі жылы қыздар арасында футболдан «Теңбіл доп» турнирін өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Футбол федерациясында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры Роза Кәрібжанова мәлім етті.

«Бұл жоба («Coca-Cola Былғары доп» - агенттік) мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тамаша көрінісі деп ойлаймын. Жыл сайын осы турнирге қатысатын 400 мың баланың арасынан талантты футболшылар тәрбиеленіп жатқаны анық. Жалпы, Білім және ғылым министрлігі бұл жобаны толықтай қолдайды. Әрі қарайғы дамуына өз көмегін тигізе бермек»,- дейді Р.Кәрібжанова.

Білім министрлігінің өкілі тағы бір жаңалық таратты. Келесі жылдан бастап Қазақстанда футболдан қыздар арасындағы «Теңбіл доп» турнирі басталады.

«Дене шынықтыру жөніндегі ғылыми-тәжірибелік орталық хабарлап отырғандай, келесі жылы футболға қыз балалар да қатысады. Қыздар арасындағы футболды да дамытамыз. Жарысты «Теңбіл доп» деп атаймыз деп отырмыз. Бұл әзірге бастама ғана. Қанша команда қатысуға өтініш беретінін байқаймыз, дегенмен, қызығушылық бар екенін атап өтейін. Қызығушылық болғандықтан да, қыздар арасындағы футболдан осындай бастама көтердік. Бастаманың келешегі, қатысушылардың қанша болатыны уақыт еншісінде», - дейді Р.Кәрібжанова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или