Давид Лория ҚФФ президенттігінен бас тартып, қарсыласының жеңісін «мойындады»

Давид Лория ҚФФ президенттігінен бас тартып, қарсыласының жеңісін «мойындады»

Қазақстандық экс-футболшы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткерліктен бас тартты. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының Сайлау комитетіне «Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ өкілі Давид Григорьевич Лориядан ҚФФ президенті лауазымына үміткерліктен қатысудан өз еркімен бас тартуы туралы өтініш келіп түсті.

Осы өтініш негізінде ҚФФ Сайлау комитеті Давид Лорияны федерация президенті лауазымына үміткерлер тізімінен шығарды.

Бүгін мен көптеген адамдарды таңқалдыратын, кейбіреулердің көңілін түсіруі мүмкін шешім қабылдадым, яғни бұл Қазақстан Футбол Федерациясы президенттігіне өз үміткерлігімді алып тастау туралы.Бұл шешім кездейсоқ емес. Мен өз үміткерлігімді Марат Омаровтың пайдасына алып тастаймын, себебі оның басқарушылық тәжірибесі, Қазақстанда футболды дамытуға бағытталған көрінісі мен тұжырымдамасы, барлық үрдістерді түсінетіні маған жақын келеді.

Оның біздің футболымызды жаңа деңгейге шығара алатындығына, барлығын біріктіріп, бүгінгі ғана емес, ұзақ мерзімді болашақта да қажетті бағытқа бағдар алатынына шын жүректен сенемін.Марат Омаровтың бойында осы мақсаттарға жету үшін барлық қажетті қасиеттер бар.

Ең бастысы – ол футболды бала кезінен бері жақсы көріп, осы күнге дейін ойнап, қызығып, футболмен өмір сүріп келеді.Бұл қадамым ұзақ мерзімді ынтымақтастық идеясына да адалдығымды көрсетеді. Біз қысқа мерзімді мақсаттарға емес, ондаған жылдар бойы қазақстандық футболдың мүддесіне қызмет ететін тұрақты әрі тиімді жүйе құруға жұмыс істеуіміз керек.

Федерация, клубтар, ойыншылар мен жанкүйерлердің бірлескен үйлесімді жұмысы ғана қажетті нәтижелерге әкелетініне сенімдімін.Мен еліміздегі футболдың дамуын қолдауды жалғастыруға дайынмын және Марат Омаров пен оның командасымен олардың өршіл жобалары мен идеяларын жүзеге асыру жолындағы ынтымақтастыққа қуанамын. Бізді алда көптеген жаңа сынақтар күтіп тұрғанына сенімдімін және тек бірлескен күш-жігер арқылы біз табысқа жете аламыз, - деп жазды Давид Лория әлжелідегі парақшасында.

Осылайша, ҚФФ президенттігіне үміткерлердің түпкілікті тізімі келесідей:

  • Даумов Алтай Алмасұлы – «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан.
  • Қайыров Ербол Қыдырбекұлы – «Ақмола облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан.
  • Омаров Марат Талғатұлы – «Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ атынан.

ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII Сайлау конференциясы 2024 жылдың 20 желтоқсанында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или