«Реал» Испания кубогынан шеттетілді

Мадридтік «Реал» 2015/2016 жылғы маусымда Испания кубогынан шеттетілді.

Бұған себеп – «Реал» сапында Денис Черышевтің алаңға шығуы. Мадридтік клубта ойнайтын Черышевтің 1/16 финалда «Кадиске» қарсы ойынға қатысу құқығы болмаған. Ал «Реал» клубының бапкерлері мен басшылығы мұны ескерусіз қалдырып, футболшыны бірінші минуттан алаңға шығарған еді. Негізгі құрамда алғаш рет шыққан Денис Черышев 3 минутта-ақ ойындағы есепті ашқан болатын.

Денис Черышев өткен маусымда «Вильярреал» клубының жалға берілген. Былтыр Испания кубогы ойындарында үш мәрте сары қағаз алған ол ереже бойынша өз командасының келесі кездесуіне қатыспауы керек еді. Мадридтік командаға қайтып келген соң да, Черышевтің жазасы күшін жоғалтпапты. Мұны «Реал» басшылығы мен бапкерлері ескермеген көрінеді. Енді «Корольдік клуб» осы маусымда Испания кубогынан шеттетілді. Бірақ артынша белгілі болғандай, мадридтіктер шығарылған шешімді қайта қарау туралы арыз жазған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или