Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Әмір Омарханов ITF Juniors J500 Orange Bowl жасөспірімдер арасындағы турнирдің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге қазақстандық Анри Берно (Швейцария)/Денис Петаканы 3:6, 6:1, 10:1 есебімен ұтты.
Orange Bowl жыл сайын Плантацияда (Флорида, АҚШ) өткізіледі. Турнир жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты болып саналады. Матчтар ашық алаңдарда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или