«МЮ» сырт алаңда «Манчестер Ситиді» ұтты
Ағылшын Премьер-Лигасының 16-шы туры аясында Манчестер дербиі өтіп, онда «Манчестер Сити» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:1 есебімен қонақтардың жігерлі жеңісімен аяқталды. 36-минутта Йошко Гвардиол «Манчестер Ситиді» есепте алға шығарды, бірақ соңында «Манчестер Юнайтед» есеп теңестіріп қана қоймай, жеңісті де жұлып алды: алдымен 88-минутта Бруно Фернандеш пенальтиді сәтті орындады, 90-минутта Амад Диалло жеңісті голды соқты.
Бұл жеңіспен «Манчестер Юнайтед» 22 ұпай жинаса, «Манчестер Ситиді» 27 ұпаймен қалдырды. Барлық турнирлердегі соңғы он бір матчта Пеп Гвардиола шәкірттері бір ғана жеңіске жетіп, екі рет тең түсіп, сегіз рет жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или