Владислав Васильев еуропалық клубтан кетті

Владислав Васильев еуропалық клубтан кетті

Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев күтпеген жерден белорусиялық «Минсктен» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев тараптардың келісімі бойынша біздің клубтан кетті.

Владислав Минскіге ағымдағы чемпионаттың бірінші кезеңінен кейін Минскінің «Динамосынан» кетіп, біздің команда сапындағы дебютін 18 тамызда 18-ші турдың сырт алаңда «Сморгонға» қарсы ойында өткізді.

Биылғы маусымда Беларусь чемпионатында ол «қызыл-көктердің» сапында он төрт кездесу өткізіп, екі сары қағаз алды.

«Минск» футбол клубы Владиславқа ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және оған болашақ спорттық мансабында сәттілік тілейді», - делінген клубтың ресми сайтында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или