«Манчестер Сити» - «Манчестер Юнайтед». Дербиде кім жеңіске жетеді?
Ангияда 15 желтоқсан күні «Манчестер Сити» - «Манчестер Юнайтед» арасындағы дерби матчы өтеді. Бүкіл әлем назар тігетін матчқа Prosports.kz сайты шолу жасайды.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Премьер-лиганың 16-шы турында «қалалықтар» турнир кестесінде төртінші орында, «қызылдар» әлдеқайда төмен – он үшінші орында. Әрине, дерби деген кезде командалардың турнирдегі жағдайына көңіл бөлу аса қажет емес.
Екі команда да қазір қиын кезеңді бастан кешуде. Алдыңғы төрт жылдағы Англия чемпионы «Манчестер Сити» соңғы он ресми матчта бір рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңіліске ұшырады. Чемпиондар лигасында алғашқы сегіздіктен түсіп қалды.
Сәтсіздіктерге байланысты «Манчестер Юнайтед» қараша айында бас бапкерді ауыстырды. Эрик Тен Хагтың орнына Рубен Аморим келді. «Қызыл сойқандардың» көшу түзелді деп айту қиын. Бірден түзеле кетуі де қиын мәселе. Португалиялық бапкер қысқы трансфер кезеңін күтіп отыр.
Биылғы маусымда бітіспес қарсыластар Суперкубок матчында кездескен. Тамыз айындағы матч 1:1 аяқталып, пенальтиде 7:6 есебімен Гвардиола шәкірттері жеңді.
Бір қызығы, Гвардиола мен Аморим осы маусымда кездескен. Чемпиондар лигасында ағылшындар қонақта «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылды. Сол кезде, португалиялық ұжымның тізгінінде Аморим болған. Бір аптадан кейін Рубен «Манчестер Юнайтедке» ауысты. Сондықтан, Гвардиола Португалия жерінде кеткен есесін Англияда қайтара ала ма деген сұрақ туады.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициент беріп отыр: «Ситидің» жеңісіне – 1.60, «Юнайтедке» – 4.9-. Ал матч тең аяқталады дегенге – 4.50 коэффициент. Ал,ойында гол соғылмайды деген нәтижеге 19.00 коэффициент ұсынылған.
Бұл кездесуде тағы қандай нәтижеге назар аударуға болады? Мысалы, ойын уақытын созғаны үшін сары қағаз болады деп ойласаңыз, 6.80 коэффициентке бәс тіге аласыз.
Манчестерден тікелей трансляция Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады және оны мына сілтеме арқылы көруге болады.