Бауыржан Байтана ҚПЛ клубынан кетті

Бауыржан Байтана ҚПЛ клубынан кетті

Жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана елордалық «Жеңістен» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жеңіс» футбол клубы Бауыржан Байтанның келісімшартын аяқтағанын хабарлайды.

Баджио біздің командаға «Ақтөбе» футбол клубынан еркін агент ретінде 2024 жылдың тамыз айында қосылды.

Бауыржанға кәсіби шеберлігі, ұжымға қосқан үлесі үшін алғыс айта отырып, алдағы мансабында табыс тілейміз!

Рахмет, Баджио!» – деп жазды клуб Instagram желісінде

«Ақтөбеден» ауысқаннан бері Бауыржан астаналық клуб сапында бірде-бір матч өткізбеген.

Жартылай қорғаушы бұған дейін «Ақтөбе», «Тараз», «Шахтер», «Қайрат» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или