Токиода «Барселона» мен «Реал» аңыздары арасындағы матч өтеді
Бүгін, 15 желтоқсанда Токиодағы «Аджиномото» стадионында «Барселона» мен «Реалдың» аңыздары арасындағы кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.
Эль-Класико 2024 жылы 8 қазанда мансабын аяқтайтынын жариялаған аты аңызға айналған Андрес Иньестаның құрметіне өтеді.
Алаңға Хави Эрнандес, Ривалдо, Хавьер Маскерано, Роберто Карлос, Луиш Фигу, Икер Касильяс, Стив Макманаман, Хавьер Савиола және басқа да жұлдыздар шығатыны клубтың әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, Андрес Иньеста ойынға қатысу үшін жеті жылдан бері алғаш рет «Барселонаның» жейдесін киеді. Андрес мансабының соңғы жылдарында жапондық «Висель Кобе» клубында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или