ҚФФ президенті жұмыс сапарымен Маңғыстау облысын аралады

Ерлан Қожағапанов бастаған Қазақстан футбол федерациясының жұмыс тобы Маңғыстау облысын аралады. Жұмыс сапарының мақсаты - облыстағы балалар мен жасөспірімдер футболының және инфрақұрылымының жағдайымен танысу.

Ерлан Тоқтарxанұлы Ақтау қаласының спорт нысандарын аралап, Бірінші лигада ойнайтын «Каспий» футбол клубының «Жас Қанат» стадионының жағдайымен танысып шықты. Кейін Қазақстан футбол федерациясының президенті «Каспий» футбол клубының орталығын ашты. Футбол орталығында 300 бала бар.

Сонымен қатар, жұмыс тобы қаладағы футбол жанашырларымен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облыстық футбол федерациясының, облыстық спорт басқармасының өкілдері, «Жас Қанат» спорт кешенінің жетекшілері, футбол ардагерлері мен жаттықтырушылар, сонымен қатар, жанкүйерлер қатысты. Басқосуда аймақтағы футболдың өзекті мәселелері сөз болды. Оның ішінде қала мен облыстағы спорттық инфрақұрылым, манеж құрылысы, аймақтың климаттық ерекшелігі, сонымен қатар, балалар және жасөспірімдер футболы талқыланды.

ҚФФ президентінің айтуынша, бұл сұрақтардың барлығы федерация жұмысының басым бағыттарына саналады. Сонымен қатар, Ерлан Қожағапановтың облыс әкімімен кездесуі жоспарланған. Кездесуде жанкүйерлер көтерген мәселелер айтылмақ.

ҚФФ-ның ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или