Олег Хромцов - Бірінші Лиганың ең үздік ойыншысы
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақжайық» футбол клубының шабуылшысы Олег Хромцов КФЛ сауалнамасының қорытындысы бойынша Бірінші Лиганың ең үздік ойыншысы атанды. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Сауалнамаға Бірінші Лиганың барлық командаларының өкілдері қатысты. Осылайша, ең көп ұпай Олег Хромцов жинады (40). Шымкенттік «Қыранның» шабуылшысы Мұрат Өнәл 38 ұпай жинаса, «Қызыл-Жардың» жартылай қорғаушысы Әли Әлиев 21 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Мұрат Өнәл мен Олег Хромцов биылғы маусымның ең үздік бомбардирлері атанған болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или