Transfermarkt Әліптің бағасын жаңартты

Transfermarkt Әліптің бағасын жаңартты

Белгілі еуропалық Transfermarkt.com «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліптің жаңа нарықтық құнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының көшбасшысы 3,5 миллион еуроға бағаланған. Жарты жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда Әліп 500 мың еуроға қымбаттаған. Бұрын 3 миллионға бағаланғанын ескерсек, беделді портал қазақстандық футболшының бағасын 17 пайызға жуық өсірген. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ойыншысы РПЛ-дағы соңғы матчтардың бірінде жарақат алып, қазір ем-дом қабылдау үстінде. 25 жастағы қорғаушы алаңға қаңтарда оралады. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или