«Наполи» – «Лацио»: Конте шәкірттері кубокта кеткен есені қайтара алады ма?

«Наполи» – «Лацио»: Конте шәкірттері кубокта кеткен есені қайтара алады ма?

Бүгін, 8 желтоқсанда Италия чемпионатында топ матч өтеді. А сериясының 15-турында «Наполи» мен «Лацио» кездеседі. Матч Қазақстан уақыты бойынша 00:45-те басталады.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

«Наполи» осы маусымды Антонио Конте бапкерлігімен өте сәтті бастады. Италия чемпионатында Конте шәкірттері 14 ойында 10 жеңіс, 2 тең ойын, 2 жеңіліспен турнирлік кестеде 32 ұпаймен екінші орында келеді. Бірінші орында 15 ойында 34 ұпай жинаған «Аталанта» келеді. Бүгінгі ойында «Наполи» жеңіске жетсе сөзсіз көш басына шығады. Осы маусымды еурокубоксыз өткізіп жатқан команда лигада сәтті өнер көрсету үшін барын салары анық. Оның үстіне Италия кубогының ширек финалына шыға алмай қалды.

«Лацио» да осы маусымды жаңа бапкермен бастады. Және барлығы күткеннен жоғары деңгейде. Марко Барони шәкірттері барлық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде. Италия чемпионатында бесінші, ал Еуропа лигасында көш басында келеді. Осыдан үш күн бұрын Италия кубогының ширек финалына жолдама алды. Бір қызығы сол кезде римдіктер өз алаңында «Наполиді» 3:1 есебімен жеңіп кеткен болатын.

Екі команданың чемпионаттағы соңғы ойындарына тоқталатын болсақ, «Наполи» «Ториноға» қонаққа барып, олжалы қайтты. 0:1 есебі тіркелді. Ойындағы жалғыз голды 31-ші минутта Мактоминай соқты. Ал «Лацио» болса «Пармадан» 3:1 есебімен жеңілді. Римдіктер тарапынан жұбаныш голын 80-ші минутта Кастельанос соқты.

Бұған дейін қос команда өзара 171 рет кездескен. Оның 61 матчында «Наполи» жеңіске жеткен, ал «Лацио» 54 рет жеңісті тойлаған. 53 рет командалар тең тарқасқан. Голдар айырмашылығы – 231:211.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Наполидің» жеңісіне 1.91, тең нәтижеге 3.38 және «Лационың» жеңісіне 4.35 коэффициентін ұсынады. Алаң иелері осы маусымды еурокубоксыз өткізіп жатқанын және кубоктан ұшып кеткенін ескерсек, бар назарын лигаға аударары анық. Сол себепті осы матчта «Наполи» еш қиындықсыз жеңіске жетуі керек.

Спорттық іс-шараларға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или