Әли Әлиев: «Футбол бүгін тағы жеңіске жетті»

Танымал қазақстандық футболшы Әли Әлиев Шымкент қаласындағы Қазақстан футбол федерациясы академиясының ашылу салтанатына қатысты.

Ол ашылу рәсімінен алған әсерін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметімен бөлісті:

- Балалар үшін өте қуаныштымын. Енді олардың мүмкіндіктері зор. Олардың спорттық киімдері бар. Олар үшін керемет база тұрғызылды. Балалардың жаттығу жасап жүрген алаңдары мен тұрмыстық жағдайы біздің жас кезімізден әлдеқайда ерекшеленді. Еліміздің жетекшілігі мен Қазақстан футбол федерациясы балалар үшін осындай академия салғанына ризамын. 5-7 жылдың ішінде бұл еңбектің жемісін көруге болады деп ойлаймын. Ашылу рәсімінен тек көңілді әсер алдым. Футбол ардагерлерімен кездестім. Сергей Гороховодацкиймен жолыққаным үшін де қуаныштымын. Футбол бүгін тағы жеңіске жетті. Балалар бүгін алаңға шыққан Масудов, Мазбаев, Балтиев, Смақов, Лория және басқа да шеберлерді көруге мүмкіндік алды. Алған әсерім шексіз. Тіпті, ҚФФ президенті Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапанов жасыл алаңға шықты. Оның футболмен өмір сүретіні көрініп тұр. Ол балалар үшін күш-жігерін аямауды қалайды. Бұл әрекет біз қуантпай қоймады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или