Давид Лория: «Біздің балалық шақта мұндай жағдай болған жоқ»

Шымкентте өткен академияның ашылуына «Ертіс» қақпашысы Давид Лория қатысты. Сонымен қатар, ол академияның жоғары тобымен өткен ойында жасыл алаңға шықты.

- Бізде мұндай жағдай болған жоқ. Сол себепті Қазақстанда дәл осындай академиялардың пайда болуына қатты қуанамыз. Жаттығу процесін толық жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалған, - дейді Давид Лория. - Өскелең ұрпақ футболдың қыр-сырын ұғыну үшін ерекше мүмкіндікке ие болды. Шетелдік бапкерлермен жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл жұмыстың жемісін көреміз деп сенемін.

- Кәсіпқой футболшы ретінде академияға алғаш қабылданған балаларға қандай тілек айтасыз?

- Балалардың өздеріне жасалған жағдайды бағалағанын қалаймын. Өздерімен жиі жұмыс істеп, әрі қарай дами түсу керек. Өйткені, алдағы ел футболының алдағы 10-15 жылдық тағдыры осы футболшыларға тәуелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или