Қазақстандық футболшы ойнайтын клуб жаңа бас бапкер тағайындауы мүмкін

Қазақстандық футболшы ойнайтын клуб жаңа бас бапкер тағайындауы мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойнайтын «Ахматты» ЦСКА-ның бұрынғы бас бапкері Владимир Федотов баптауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Иван Карпов өзінің Telegram-арнасында маман мен клуб алғашқы консультация өткізіп қойғанын, бірақ әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта Грозный командасын 3 қыркүйекте Ахматқа келген 65 жастағы Сергей Ташуев жаттықтырады. Оның жетекшілігімен шешен клубы РПЛ-ның 10 кездесуінде 1 ғана жеңіске жетіп, 17 турдан кейін 10 ұпаймен 15-ші орында тұр.

Федотов ЦСКА-дан 2023/24 маусымының соңында кетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или