Жасурбек Яхшибоев шетелдік клубқа ауысуы мүмкін

Жасурбек Яхшибоев шетелдік клубқа ауысуы мүмкін

«Ордабасы» шабуылшысы Жасурбек Яхшибоев қысқы трансферлік терезеде әзірбайжандық «Нефтчиге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.asia сайтына сілтеме жасап.

«Ордабасы» басшылығы өз көшбасшыларының бірін сапта қалдырғысы келеді, бірақ Яхшибоевтың өкілдері Әзірбайжанның әйгілі клубтарының бірімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оның көмегімен «Нефтчи» шабуыл шебін күшейтіп, ағымдағы турнир кестесінде сегізінші орыннан жоғары көтерілуді көздеп отыр», - деп жазады дереккөз.

Қазақстан Премьер-Лигасының 2024 жылғы маусымында Жасурбек Яхшыбоев «Ордабасы» сапында 15 матч өткізіп, 9 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Маусымның қорытындысы бойынша шымкенттік клуб ҚПЛ-да төртінші орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или