Қорғаныс саңлақтары

«PROСПОРТ» өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында үздік атанған футболшыларды анықтауын жалғастырады. Бір айдан кейін турнирдегі ең үздік ойыншының есімін жариялайтын боламыз. Ал бүгін чемпионаттағы сенімді қорғаушыларды анықтаймыз.

1 орын

Дмитрий Шомко

25 жаста, 185 см

Клуб: «Астана»

Азаматтығы: Қазақстан

26 матч, 2256 минут, 1 гол, 3 нәтижелі пас, 1 сары қағаз.

Шомко осымен бірнеше жыл бойы алаңда өзін жақсы қырынан көрсетіп келеді. Дмитрий ойыншы ретінде чемпионатта да, еурокубокта да жанкүйерлердің ыстық сеніміне кіріп алған. Ешқашан журналистер және фанаттармен сөйлесуден қашқан емес. Осы маусымда сол қанаттағы қорғаушы «Астанаға» Қазақстан Суперкубогы мен чемпионатын жеңіп алуға, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға көмектесті. Сол аяғымен допты бірнеше қақпашының иелігінде тулатқан Шомко әуедегі допқа да таласа алады. Екібастұз футболының түлегі ресейлік чемионаттың көшбасшы командаларының бірін қызықтыра алған, ал оның нақты қай клуб екені әзірше белгісіз.

40

В 10-шы турда Шомко «Тобыл» қақпасына 40 метрден гол соқты

2 орын

Жарко Маркович

28 жаста, 204 см

Клуб: «Қайрат»

Азаматтығы: Сербия

29 матч, 2369 минут, 2 гол, 7 с.қ.

Осы маусымда «Қайрат» ең аз гол (-19 гол) жіберген команда атанды. Алматылықтардың осындай көрсеткіш орнатуына талантты Рудосельский және тәжірибелі Тимощук, Соарес, Маркович секілді футболшылар септігін тигізді. Чемпионаттың ең бойшаң ойыншысы (әлемдегі ең ұзын футболшылардың ондығына кіреді) соңғы екі жылда бірнеше қорғаушымен жұптасып өнер көрсеткенімен, өз орнынан ешкімге берген емес. Бойшаң қорғаушының арқасында алматылықтардың стандарттық шабуылдары қауіпті көрінеді. Қорғану міндетінен бөлек Маркович алаңды жақсы көреді, соның арқасында шабуыл шебіне де көмектесіп, командаластарының ұмтылыстарына дем беріп отырады. Жарко сан мәрте шабуылға араласып, қарсыластың қорғанысына қиындық туғыза білді. 6-турда Марковичтің шабуылға араласуы «Қайратты» жеңілістен құтқарып қалды – Жарко 90-минутта қанжығасын майлады.

1/3

Орташа есеппен Маркович Премьер-лиганың әр үшінші ойынында сары қағаз алады

3 орын

Айоделе Аделейе

26 жаста, 189 см

Клуб: «Ақтөбе»

Азаматтығы: Нигерия

29 матч, 2610 минут, 1 гол, 1 нәтижелі пас, 3 с.қ.

Нигериялық легионер – бойшаң, қуатты ойыншы, баспен жақсы ойнайды, допқа таласта сенімді – «Ақтөбенің» сәтті трансферіне айналды. Нигериялық «Шутинг Старз» клубының түлегі Голландияда көп тәжірибе жинаған (роттердамдық «Спартада» өнер көрсетті), жалпы, Еуропада аз ойнаған жоқ. 2005 және 2008 жылдар арасында Нигерия жасөспірімдер құрамасында ойнаған. «Спартада» сенімді өнер көрсеткен ол Нигерия жастар және ұлттық құрамасы бас бапкерлерінің назарын аудартқан. Нәтижесінде 2005 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2008 жылы Нигерия олимпиадалық құрамасымен бірге Пекин Олимпиадасының күміс медалін еншіледі. Айоделе өз елінің ұлттық құрамасы сапында 10 кездесу өткізген. Ал 2010 жылы «Эвертон» клубына ауысуға жақын болды, бірақ құрама сапында қажетті матч ойнамаған соң, ливерпульдік команданың жейдесін кие алмады. Осындай тәжірибесі бар ойыншының Қазақстанда алғашқы маусымда-ақ сәтті өнер көрсеткені таңқаларлық емес. Айоделе «Ақтөбе» сапында 29 матч ойнап, «ақ-қызыл» түстілердің алғашқы айналымда жеңілмеуіне себепші болды.

0

Аделейе өзі қатысқан матчтардың бәрін негізгі құрамда бастап, кездесудің бәрін де 90 минут өткізген

4 орын

Марин Аничич

26 жаста, 192 см

Клуб: «Астана»

Азаматтығы: Босния және Герцеговина

29 матч, 2526 минут, 4 нәтижелі пас, 4 с.қ.

Югославияда дүниеге келген футболшы хорватиялық «Зриньски» клубының түлегі. 18 жасында-ақ сол клуб сапында УЕФА Кубогында төрт матч (жалпы алғанда 10 матч) өткізген. «Зриньскимен» бірге Босния және Герцеговина чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде алғашқы матчын ойнады. Донецкілік «Металлургке» трансфері үзіліп қалған соң, мансабын мостарлық клубта жалғастыра берді. Кейін 2014 жылдың қаңтарында «Астанаға» ауысты. Босния және Герцеговина жастар құрамасында 18 матч өткізген. Осы жылы өз елінің ұлттық құрамасына шақырту алды, бірақ әлі алаңға шыққан жоқ. Бір қызығы, елордалық клубқа ауысқан соң футболшының трансферлік құны 350 мың еуродан 500 мыңға дейін өскен. Босниялық басылымдардың хабарлауынша, ойыншыға англиялық «чемпионшип» командалары қызығушылық танытуда. Аничичпен келісім-шарттың қай жылға дейін жасалғаны белгісіз, бірақ Чемпиондар лигасының соңғы матчынан кейін «Астана» сапынан кімнің кетіп, кімнің қалатыны анықталады.

205 мың

Аничичтің «Астанаға» ауысқаннан бері бағасы 440 мың еуродан 645 мың еуроға өскен

5 орын

Александр Симчевич

28 жаста, 188 см

Клуб: «Ордабасы»

Азаматтығы: Сербия

31 матч, 2665 минут, 4 гол, 5 нәтижелі пас, 5 с.қ.

Ұзақ уақыт бойы Симчевич өзіне сай келетін команданы таба алмай жүрді. Жеті жылда серб алты команданың намысын қорғап үлгерген, солардың біреуінде ғана толық екі маусым ойнай алды. Бұрынғы югославиялық командалардан кейін ол сарандық «Мордовияға» ауысып, клубтың Премьер-лигаға көтеруілуіне көмектесті. Виктор Кумыков қорғаушыны байқап қалып, «Шахтерге» шақырды. Қарағандылықтармен бірге Александр Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Симчевич биыл чемпионатымызда оң қанаттағы қорғаушылардың ішінде ерекше көріне білді. Ойыншы қарсыластың шабуылдарына сенімді төтеп беріп, сауатты түрде өз командасының ұмтылыстарын бастай алды. Ойыншының шеберлігін жанкүйерлер де жақсы бағалады – интернет-порталдарда Симчевичті құрамамызға алуды ұсынғандар көп болды. Осы маусымда қорғаушы төрт нәтижелі пастың авторы атанды.

5

Осы маусымда Симчевич бес позицияда ойнап шықты – оң қанағаттағы қорғаушы, оң қанаттағы жартылай қорғаушы, сол қанаттағы қорғаушы, тіреуші жартылай қорғаушы және шабуылдаушы жартылай қорғаушы.

Дайындаған: Руслан САГИЕВ

Аударған: Есет ТӨЛЕШ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или