Испанияның елшісі: «Академияның ашылуына испаниялықтардың қатысқанын мақтан тұтамын»

Испанияның елшісі: «Академияның ашылуына испаниялықтардың қатысқанын мақтан тұтамын»

Қазақстан футбол федерациясының футбол академиясының ашылу рәсіміне қатысқан қонақтардың бірі Испанияның Қазақстандағы Елшілігінің консулы Адриан Ромеро болды.

- Шымкент қаласына шақырғаны үшін алғыс айтқым келеді, - дейді Ромеро. - Біздің екі ел өзара тығыз қарым-қатынас орнатқан. Екі ел арасында саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар нық қалыптасқан. Енді футбол төңірегінде әріптестік орнатып жатқаны қуантады. Қазақстан футбол федерациясының футбол академиясының ашылу рәсіміне испаниялық мамандардың қатысқанын мақтан тұтамын. Олар Испанияда қалыптасқан спорт мәдениентінің жақсы тұстарын Қазақстанға енгізеді және футболды дамытады деп ойлаймын.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының академиясында бес испаниялық тәжірибелі маман жұмыс істейді. Олар маусым айынан бастап еліміздің Оңтүстік өңірінде жас футболшыларды іріктеп шықты. Енді қазақстандық мамандармен бірге «БИІК» футбол базасында академия тәрбиеленушілеріне жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или