«Арсенал» – «МЮ»: Аморим сынақтан өтетін сәт
АПЛ-де «мидвик», яғни апта ортасындағы матчтар басталды. Бұл ағылшын футболын сүйетіндер үшін нағыз мейрам. Әсіресе, егер күн тәртібінде «Арсенал» – «МЮ» сияқты керемет ойындар болса. Командалардың мүмкіндіктері қандай? Осы мәтінде талдаймыз.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оларды алу үшін сайтта немесе Tennisi.kz қосымшасына тіркелу керек. Тіркеу кезінде DOP24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Солтүстік Лондонның қызыл бөлігінде өтетін матч Рубен Аморим үшін «Манчестер Юнайтед» бас бапкері ретіндегі төртінші ойын болмақ. Оның «МЮ»-дағы дебюті «Ипсвичпен» болған көңіл көншітпейтін тең нәтижемен (1:1) басталды. Бірақ кейін команда қарқынын түзеп, Еуропа Лигасында «Буде-Глимтті» 3:2 есебімен жеңіп, АПЛ-де «Эвертонды» 4:0 есебімен ойсырата ұтты.
«МЮ»-дың лигадағы жағдайын апатты деп айтуға болмайды – тоғызыншы орын және Чемпиондар Лигасы аймағынан небәрі 4 ұпай ғана артта. Турнирлік тұрғыдан алғанда, «Арсеналды» жеңу өте маңызды. Бұл қолынан келе ме – көрейік.
Ал «Арсенал» Артета басшылығындағы үйреншікті орнында – екінші орында тұр. Алайда айналасында бәрі өзгеріп жатыр: көш басында енді «Манчестер Сити» емес, «Ливерпуль», әрі 9 ұпай айырмашылықпен. Қазан айының соңында және қарашаның басында «канонирлер» қиын кезеңді өткерді. Сол уақытта Артета командасы барлық турнирлерде жеті матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жетті – Лига Кубогында «Престонды» және Чемпиондар Лигасында «Шахтерды» ұтты. Бірақ соңғы матчтарда «Арсенал» айқын жеңістерге қол жеткізуде: «Ноттингемды» 3:0, «Спортингті» 5:1 және «Вест Хэмді» 5:2 есебімен жеңді.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Арсеналдың» жеңісіне 1.40, тең нәтижеге 5.20, ал «МЮ»-дың жеңісіне 8.40 коэффициент ұсынады.
Tennisi.kz эксклюзивті ставкалар қатарын да ұсынады, мысалы:
- «Арсенал» 2024/25 маусымында кубок жеңеді (суперкубоктарды қоспағанда): иә – 1.65, жоқ – 2.10.
- «Ағылшын клубы 2024/25 маусымында дубль жасайды (чемпионат және кубок)»: иә – 5.30, жоқ – 1.12.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.
Ең қызық жаңалықтарды Prosports.kz Telegram-арнасынан оқуға болады.