Үш саудиялық клуб бельгиялық Де Брюйнеге қызығушылық танытуда
«Әл-Наср», «Әл-Әхли» және «Әль-Кадисия» «Манчестер Ситидің» 33 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйнеге қызығушылық білдіруде, деп хабарлайды Sport+.
Саудиялық клубтардың бельгиялық футболшыға деген қызығушылығына қарамастан, ол «Манчестер Ситимен» 2025 жылдың жазында аяқталатын келісімшартын ұзартуы немесе мансабын МЛС-та жалғастыруы мүмкін деген нұсқалар бар.
Ағымдағы маусымда Де Брюйне барлық турнирлерде 10 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны €45 млн құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или