Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының барлық қатысушылары анықталды

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының барлық қатысушылары анықталды

2025 жылғы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың барлығы белгілі болды. Турнирге 32 команда қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Челси, Реал Мадрид, Манчестер Сити, Бавария Мюнхен, ПСЖ, Интер, Боруссия Дортмунд, Порту, Атлетико Мадрид, Бенфика, Ювентус, Ред Булл Зальцбург, Пальмейрас, Фламенго, Флюминэнсе, Ботафого, Ривер Плейт, Бока Хуниорс, Монтеррей, Сиэтл, Леон, Пачука, Интер Майами, Аль Хилал, Урава Ред, Аль Айн, Ульсан, Аль Ахли, Вайдад, Сандаунс, Тунис және Окленд Сити клубтары турнирге қатысады.

Жеребе 5 желтоқсанда тартылады. 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или