Kaspi Bank қожайының клубы Англия кубогының матчында жеңіске жетті
«Уиком Уондерерс» Уэлдстоунды ұтып, Англия кубогының үшінші кезеңіне (1/32 финал) шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу сырт алаңда 2:0 есебімен «Уиком Уондерерстің» жеңісімен аяқталды. Голдарды Берили Лубала (29-минут) пен Ричард Коне (84-минут) соқты.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» клубының иесі атанды - ол акциялардың бақылау пакетін сатып алды. Дәл қазір ағылшындық команда Бірінші лигада бірінші орында тұр (D3). Ломтадзенің айтуынша, қаржылық тұрақты клуб құруға басымдық берілген. Кәсіпкер жастардың дамуына да үлкен көңіл бөлуді көздеп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или