«Ливерпуль» - «Манчестер Сити». «Қызылдар» чемпиондыққа тағы бір қадам жақындай ма?

«Ливерпуль» - «Манчестер Сити». «Қызылдар» чемпиондыққа тағы бір қадам жақындай ма?

Қыстың алғашқы күнінде АПЛ-да алыптардың текетіресі өтеді. Юрген Клопп кетсе де, чемпиондық мінезінен айырылмаған «Ливерпуль» қарашада құлдыраған «Манчестер Ситиді» қабылдайды, деп жазады Prosports.kz. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады.

Чемпионаттың он екі турынан кейін 31 ұпай олжалаған «қызылдар» көш басында нық тұр. Төртінші орындағы «Манчестер Ситиден» сегіз ұпай басымдығы бар. Екінші орынға жайғасқан «Арсеналдан» ұпай артықшылығы алтауға тең. Оның үстіне, лондондық клуб бір ойынға артық өткізген. 

Ал, Гвардиоланың командасы қарашада аяқ асты дағдарысқа тап болды. Осы сәтте, Родри «Алтын допқа» сөзсіз лайықты екенін түсіндік. Испаниялық жартылай қорғаушы жарақат алып еді, қарсыластарын жайпап жүрген МС ортаң қол командаға айналып шыға келді. Англияда Лига кубогынан шығып қалды. Чемпиондар лигасында осы маусымда алғаш рет жеңілді. Ал, АПЛ-да үш матч қатарынан ұтылды. Соңғы турда өз алаңында «Тоттенхэмге» қарсы ойында күл-талқан болды. Гвардиола кірерге тесік таппай жүр десек артық емес. Үш күн бұрын «Фейеноордты» 3:0 есебімен ұтып жатып, соңғы он бес минутта командасы үш гол жіберіп алды. Ағылшын біріншілігін төрт жеңіспен тамаша бастаған «қалалықтар», енді төрт ойын қатарынан жеңілудің алдында тұр. 

«Ливердің» бұл ойында анық фаворит екені даусыз. Арне Слоттың командасы Чемпиондар лигасында ұпай жоғалтпаған жалғыз команда. 1/8 финалдың тағдырын тоқсан пайызға шешіп қойды. Команданың қазіргі жетістігі - маңызды футболшыларда жарақаттың жоқтығы және көшбасшы футболшылардың өз бабында екендігі. Мысырлық Салах чемпионатта он гол соғып тастады. Уругвайлық Луис Диас та шабуылда ойқастап жүр. Слот келгелі түрленіп шыға келген Райан Гравенберх ортада ұшқан құсты өткізбейді. Алексис Макалисстер, Кертис Джонс, Доминик Собаслаи алғы шепте де, қорғаныста да мінсіз. Ван Дейк - Конате қазір әлем футболындағы ең үздік орталық қорғаушылар жұбы деуге болады. Ал, қақпадағы Кьювин Келлехер бірінші нөмір Алиссонды бір сәт те жоқтатпады. «Ливерпульдің» болашақтағы бірінші нөмірі Георги Мамардашвили емес, өзі екеніне жанкүйерлерді де, бапкерлерді де сендіріп бағуда.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі де басымдықты «Ливерпульге» беріп отыр. Алаң қожайындарының жеңісі 2.13 коэффициентке бағаланған. Егер, «Манчестер Ситидің» жеңісіне сенсеңіз 3.34 коэффициентке бәс тіге аласыз. Тең ойынға 3.66 коэффициент. 

Гвардиола жігіттерінің қорғаныстағы ойыны нашар екенін айттық. «Тоттенхэм» төрт, «Фейеноорд» үш доп соқты. Өз алаңында, оған қоса. Орта есеппен АПЛ-да әр матча екі гол соғатын «Ливерпуль» осы ойында кемі екі допты торда тулатуы әбден мүмкін. Бұл нәтижеге Tennisi.kz 1.8 коэффициент ұсынып отыр. 

Айта кетейік, «Манчестер Сити» - «Ливерпуль» матчы 1 желтоқсан күні Астана уақытымен 21:00-де басталады. 

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или