«Оңтүстік» футбол Академиясы ашылды

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан футбол федерациясының «Оңтүстік» футбол Академиясының ашылу салтанаты өтті.

«Биік» спорт кешенінде өткен шараға ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов, вице-президент Сейділдә Байшақов және керекулік «Ертіс» клубының капитаны Самат Смақов қатысты.

«Оңтүстік» футбол Академиясы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен, мемлекеттік және дербес серіктестік негізінде құрылды әрі бұл Академия «БИИК» әйелдер футбол клубының базасы болып саналады.

Академияда 2001, 2002 мен 2003 жылы туған балалар үш группаға бөлінді. Қаңтар айында 2004 жылы туған тағы 22 бала қатарға қосылады. Ал 2017 жылы жыл сайын бір топтан қосып отыру жоспарланған. Әр группада «Барселонадан» келген бес жаттықтырушылар қызмет етеді. Бүгінгі күнге дейін «Барселона» футбол мектебінен келген бес маман Қызылорда, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын аралап 600-ден астам балалардың ішінен әр группаға 20-25 жас талантты футболшыларды таңдады.

Жалпы «Оңтүстік» футбол Академиясының ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті. Концерттік қойылымнан тыс, әр келген адамға қазанда пісірілген «плов» асы ұсынылды.

Ашылу салтанатының соңында қазақстан футболының ардагер ойыншылары өзара жолдастық кездесу өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или