Владимир Вайсс: «Қайраттың» келесі жылы чемпион атанатынына сенімдімін»

Владимир Вайсс: «Қайраттың» келесі жылы чемпион атанатынына сенімдімін»

«Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс пен команда арасындағы келісім-шарт аяқталды. Словакиялық маман «Халық командасындағы» жұмысы туралы қысқаша қорытынды жасады.

«Клуб үлкен жұмыс тындырды – инфрақұрылым, елде ең үздікке айналып, команданы жоғары деңгейде қолдайтын жанкүйерлерімен жұмыс. Бір арман орындалды – стадионды толтыра алдық, бірақ екінші арманды орындай алмадық – чемпион атанбадық, бұл үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Кей тұста бір қадам жетпей қалса, кейде шеберлік жетіскен жоқ.

Біздің бапкерлік штаб қолынан келгеннің бәрін берді деп ойлаймын. Біз бұл команданы қатты жақсы көреміз және құрметтейміз. Біздің неге чемпион бола алмағанымызды түсіндірер себеп көп.

Жалпы, біз жақсы футбол көрсеттік, футболды жанкүйерлер үшін, ләззат алу үшін ойнау қажет. «Қайрат» дұрыс жолда келеді, мен әлі күнге дейін мұндай үлкен клубта жұмыс жасап көрген емеспін. Бәріне рахмет!

«Қайрат» - бұл қуанышты және қайғылы оқиғалар орын алып тұратын үлкен отбасы. «Қайрат» келесі жылы чемпион атанатынына сенімдімін, біз бұл команданы жақсы көреміз. Бәріне осы ауыр да әдемі маусым үшін рахмет!», - деді Вайсс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или