«Атлетико» сапын Тулалан толықтыруы мүмкін

Мадридтік «Атлетико» «Монаконың» жартылай қорғаушысы Жереми Тулаланды қатарына қоспақ.

Marca-ның мәлімдеуінше, мадридтіктер сапында хавбек Тиагу Мендеш жарақат алып, ұзақ уақыт алаңға оралмайды. Сондықтан «Атлетико» жаңа ойыншыны іздеуді бастап кетті. Осыған байланысты, 32 жастағы француз Жереми Тулалан мадридтіктер сапына ауысуы мүмкін. Осы маусымда Тулалан «Монако» сапында 18 матч ойнап үлгерді.

Естеріңізге сала кетсек, «Атлетико» Чемпиондар лигасында «Астанамен» бір топта өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или