«Барселона» жаттықтырушылары қазақстандық жеткіншектерді даярлайды

«Барселона» жаттықтырушылары қазақстандық жеткіншектерді даярлайды

«Оңтүстік» футбол академиясына Испанияның «Барселона» футбол мектебінен 5 жаттықтырушы шақырылды. Бұл туралы ҚФФ-ның Instagram желісіндегі парақшасы жария етті.

Үш жаттықтырушы Карлос Феррер, Жорди Гратакос және Жасин Магрино топтармен жұмыс істейді. Дене даярлығына жауапты маман - Марк Кастеллсагие. Ал, қақпашыларды Микель Туозон дайындайды. Қазақстан футбол федерациясының тағы үш аймақта футбол академиясын ашу жоспары бар. Олар - Өскемен («Шығыс»), Ақтөбе («Батыс») және ел жүрегі – Астана. Олар бұл академияларда да өз тәжірибесімен бөлісуге әзір.

Олар 2001-2004 жылы туған 600-ден астам баланы қарап шықты. Қазір 65 бала жаттығуды бастап кетті. 2001, 2002 жылғы балалар аптасына 6 рет жаттығу жүргізеді. Ал, 2003-2004 жылғы балалар аптасына 5 рет жаттығады. Жексенбі күндері футбол орталықтары, футбол мектептерімен жолдастық матч өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или