Адам Салаи матч кезінде есінен танып қалды

Адам Салаи матч кезінде есінен танып қалды

Ұлттар лигасының Нидерландыға қарсы ойыны кезінде талып қалған Венгрия құрамасы бапкерінің көмекшісі Адам Салаидың дәрігерлер жағдайын тұрақтандырды, деп жазады Prosports.kz. 

Амстердамдағы матчтың 8-минутында Адам өзің жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Соның салдарынан ойын он минутқа тоқтатылды. 

Стадионнан 37 жастағы Салаи жедел жәрдеммен Амстердамдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Айта кетейік, кездесу қорытындысы бойынша Нидерланды 4:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или