Ұлттар лигасында Германия қарсылас қақпасына жеті доп соқты
Германия құрамасы Ұлттар лигасының бесінші туры аясындағы ойында Босния және Герцеговина құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Фрайбургте өтіп, 7:0 есебімен Германияның пайдасына аяқталды. Голдарды Джамал Мусиала (2-ші минут), Тим Клайндиенст (23-ші және 79-шы), Кай Хаверц (37-ші), Флориан Виртц (50-ші және 57-ші) және Лерой Сане (66-шы) соқты.
Осы жеңістің арқасында Германия құрамасы 13 ұпай жинап, 3-ші дивизионның А тобында көш бастады. Босния және Герцеговина құрамасы бес ойын өткізгеннен кейін қоржынында әлі бір ғана ұпай бар – олар төртінші орында. Ұлттар лигасының соңғы турында Германия Венгриямен, ал Босния және Герцеговина Голландиямен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или